Сарыағаш шипажайындағы жалпы зәр анализі

Жалпы зәр анализі негізгі диагностикалық тексерудің бір түрі болып табылады және әртүрлі аурулар мен патологиялардың болу күдіктері кезінде, ең алдымен, бүйрек пен зәр шығару жүйесінің аурулары кезінде, сондай-ақ профилактикалық тексерістер мен емнің тиімділігін бақылау үшін тағайындалады.

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
Сарыағаш шипажайындағы тазартқыш клизма процедурасы

Тазартқыш клизмалар тоқ ішекті тазарту және шаю, іш қату мен нәжіс қатып қалу, улануды немесе интоксикацияны емдеу үшін, кейбір хирургиялық операциялар, босану, анальды секс алдында жасалады. Тазартқыш клизмалардың емдік (дәрілік) және қоректік (тамшыдай) клизмалардан айырмашылығы, енгізілетін ерітінді бастапқыда атқылауға арнап дайындалады және оны сіңіруге болмайды.

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
Сарыағаш шипажайында ванна проуедурасы

Мүйізді ванналар – адам ағзасын емдеуге және қалпына келтіруге арналған күшті халықтық құрал. Кесу кезеңінде марал мүйіздерінен алынған пантокриннің құрамында табиғатта бар белгілі 22 аминқышқылының 18-і кездеседі. Туристер мен жергілікті тұрғындардың арасында мүйіз бен емдік шөп қайнатпасынан дайындалған ванналар кеңінен танымал. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай ванналарды қабылдаудың нақты әсерін 8-10 процедурадан кейін сезінуге болады, негізінен емдеу курсы да осынша процедурадан тұрады. Сондай-ақ, мұндай қалпына келтіру процедурасын үш айда бір рет өткізу ұсынылады. Дәрігерлер ванна қабылдаған кезде өз денсаулығыңызды, пульсіңізді қадағалап, ваннадан шыққаннан кейін денеңізді сүлгімен сүртуге кеңес береді. Мүйізді ванналардың ерекшелігі - бұларда марал қанынан алынған сығынды бар, ол шынымен емдік қисетке ие.

 

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
Сарыағаш шипажайындағы табан массажының процедурасы

Бүгінде аяқ массажының қаншалықты пайдалы екенін түсінбейтін адамды табу мүмкін емес. Мұндай процедураның тиімділігі аяқ табанының нақты нүктелері мен бөлімдеріне дұрыс және мақсатты әсерге негізделген, сонда ол барлық ішкі органдардың және тұтас алғанда дененің жұмысына пайдалы әсер етеді.

Нүктелі табан массажы: ерекшеліктері мен құпиялары

Табан - өте көп мөлшердегі жүйке ұштары орналасқан аяқтың бөлігі. Табанға дұрыс әсер ете отырып, сіз ағзаға көптеген мәселелерді шешуге көмектесе аласыз. Сондықтан соңғы жылдары мұндай массаж әдісі үлкен танымалдыққа ие болды.

Бұл белгілі бір аурумен ауыратын адамның әл-ауқатын жақсарту үшін, науқастың нақты дене бөлігіне дұрыс әсер ету әрқылы,емделушінің хал-жағдайын жақсартға негізделген. Мысалы, егер массаж жасау кезінде табанның кез-келген бөлігінде ауырсыну пайда болса, бұл сізге осы бөлікке «бекітілген» органның жұмысы мен денсаулығына назар аудару керек дегенді білдіреді. Сонымен, саусақ ұштары көзге, құлаққа, тістерге, мұрынға, қолтыққа және мидың өзіне жауап береді. Сондықтан, шыныққысы келетін адамдар жалаң аяқ жүруге тырысады.

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
Сарыағаш шипажайында шиацу массажы

Массаж спортшының физикалық жағдайын сақтау, оның спорттық жетістіктерін арттыру және күшті физикалық жаттығулардан кейін қалпына келу үшін қажет. Саусақтармен бұлшық еттерді басу арқылы қан айналымы жақсарады және жинақталған сүт қышқылының орнына, бұлшықет энергиясын қайтаратын қасиетке ие, гликоген әкелінеді. Жапондық Шиацу нүктелі массажы денені қалыпқа келтіруге, денсаулықты сақтауға және әртүрлі аурулардың алдын алуға мүмкіндік береді. Шиацу массажы барлығына қол жетімді, оны өзге адамдарға ғана емес, сонымен қатар, өзіңізге де жасай аласыз .

Жапондық массаж немесе Шиацу (Шиатсу) массажы (ши - саусақтар, ацу - қысым) - саусақтардың қысымымен емдеу әдісі. Шиацу жапон ұлттық мектебінің негізін қалаушы - Такиюро Намикоши. Бұл терапия күні бойы бір жерде қозғалмай отырып жұмыс істейтін қызметкерлердің күші мен еңбек қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі. Мысалы, ұзақ спорттық жаттығулардан, теледидар алдында отырудан немесе компьютерде ұзақ уақыт жұмыс істеуден шаршаған адам денесінің ауырған, түйіліп қалған жерін инстинктивтік түрде ысқылайды немесе уқалайды

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
Жеңілдік алу мен тапсырыс беру үшін Бізге өз атыңыз бен номеріңізді қалдырыңыз
Обязательное поле
Обязательное поле
Рақмет, біз Сізбен жақында хабарласамыз