Сарыағаш минералды суының емдік қасиеті, қолданылуы

Табиғи минералды судың химиялық құрамы әлсіз минералданған (минералдану - 1,65 г/дм³), әлсіз негізді, гидрокарбонат-хлоридті натрий құрамды, жалпы қаттылығы төмен (0,50 ммоль/дм³), бальнеологиялық тобы "ерекше компоненттері мен қасиеттері жоқ", негізгі құрамы бойынша Шалқар суының гидрохимиялық типіне жақын (тип Ivб СТ РК 452-2002).

Ерекшеліктерінің қатарына мыналарды жатқызуға болады: фтор иондарының барлығы - 3,2 мг/дм³, табиғи иодтың профилактикалық дозасы - 90-100 мкг/дм³. Ауыр металдардың құрамы рұқсат етілген нормадан аспайды: (мг/дм³) мыс - 0,004, қорғасын - 0,019, цинк - 0,008. Жоғарыда келтірілген ақпаратты ескере отырып, табиғи минералды емдік-ас суы ретінде ұсынылады.

Қанағаттанарлық санитарлық-микробиологиялық және радиологиялық жағдайда келесі жағдайларда қолданылуға кеңес беріледі.

- Емдік су ретінде

- Минералды емдік ас-суы ретінде өз қалпында және газдалған күйінде

- Медициналық мақсатта, бальнеологиялық мақсатта пайдалануға болады

Құрамының күрделілігінің арқасында адам ағзасына жан-жақты әсер етеді. Соның ішінде асқорыту жүйесінің ауруларын емдеу кезінде, қызметі бұзылған бір мүше екінші мүшелердің қызметін бұзатын болған жағдайда қолданылуға кеңес беріледі.

Сарыағаш минералды суын ішу асқорыту жүйесінің органдарын қалпына келтірілуіне зор ықпал етеді. Минералды су құрамындағы кремний қышқылы белсенді бальнеофактор қызметін атқарып, тыныштандыру, қабынуға қарсы, ауруды басатын және улануға қарсы әсер етеді.

Тері ауруларының жазылуына оң ықпал етіп, зақымдануға қарсы және асқорыту жүйесінің кейбір ауруларын емдеуде тиімді құрал. Минералды суды ішу кезіндегі емдік оң әсер етуіне себеп болатын фактор, хлоридті-натрийлі құраммен және айтарлықтай минералдану деңгейімен байланысты. Асқазанға түскен хлоридті-натрийлі су асқазан перистальтикасын жақсартып, асқазан сөлінің бөлінуіне сеп болады.

Су құрамындағы хлор иондары асқазанның темірлі клеткаларының бөліп шығаратын тұз қышқылының негізін құрайды, ал ол өз кезегінде асқазан сөлінің қышқылдылығын анықтайды. Асқазан сөлінің қышқылдығы ұйқы безі мен ішек ферменттерінің секрециясының белсенділігін арттырады.

Бұл белсенділік асқорыту процесінің жақсаруын, майлар, белоктар, көмірсутектердің сіңірілуіне септігін тигізеді. Натрий иондары асқорыту трактісіне жақсы еніп, тін сұйықтықтарындағы негізгі катион болып табылады. Олар су-тұз алмасуында ерекше қызмет атқарып, ағзада суды ұстайды, диурезді азайтады. Ол қан плазмасы мен тін сұйықтықтарының негізін құрайды.

Суды іше салысымен ағзаға жылдам еніп, суды ішкеннен кейінгі бірнеше минутта ағзаның барлық мүшелері мен тіндеріне барады. Натрий иондары ішек ферменттерінің бөлінуін күшейтеді, белоктың тотығуын тежеп, глюкозаның сіңімділігін арттырады. Сульфаттар мен хлормен біріге отырып, натрий ионы өт бөлінуді арттырып, босаңсыту әсерін жасайды.

Өт сұйықтығы арқылы қабыну процесінің өнімдерін, пигменттерді, холестеринді шығарады, өт қабындағы қабыну процестерін кетіріп, өтке тас түзілу процесін баяулатады. Натрий хлормен біріге отырып тіндердегі осмотикалық қысымды қолдайды.

Гидрокарбонатты тұздар асқазандағы запыранның еріп, шығып кетуіне ықпал етеді. Натрий иондары ішектегі темірдің сіңімділігін арттырады. Негізді сулар өттің бөлінуін жақсартады, диабет, инфекциялық аурулар кезінде қанның резервті негізділігін қалпына келтіру арқылы оң ықпал етеді.

Негізді сулармен ингаляция жасау жоғарғы тыныс алу мүшелерін емдеу кезінде ингаляция жасауға пайдаланылады. Макроқұрамнан тұратын аталмыш суда 13-19 ммоль/% концентрациясында сульфат-ион кездеседі. Олар да өзінің физиологиялық әсерін тигізеді. Клинико-эксперименталды жолмен, құрамында сульфат-ион кездесетін әлсіз газдандырылған сулардың құндылығы, пайдасы дәлелденген.

Ол бауырдағы дегенеративті және дистрофиялық өзгерістерддің орын алған кезінде, ауыр металдар мен фосформен созылмалы және кәсіби улану орын алған жағдайда айтарлықтай пайда береді. Йод маңызды элемент. Сарыағаш минералды суының құрамында 100 мкг/дм³ (1200-2400 мкг/дм³) концентрациясында йод бар. Бұл профилактикалық мөлшер болып табылады.

Су құрамында көрсетілген концентрацияда йодтың болуы судың профилактикалық және емдік мақсатта пайдалану аясын кеңейте түседі. Йодтың ағзаға қажеттілігі тиреоидтық гормондардың синтезі мен алмасуымен байланысты. Ал ол гармондар өз кезегінде көптеген физиологиялық процестердің гуморальді реттеуін жүзеге асырады. Оның ішінде ұйқы безінің қызметі де бар. Йодтың бактерицидті қасиетіне де тоқтала кеткен жөн.

Осыған байланысты ол қабыну процестерінің азаюына да ықпалын тигізеді. Осылайша ағзаның йодқа деген тәуліктік қажеттілігі 100-300 мкг. Йодты суды ішу бауыр ауруларын емдеу және олардың алдын-алу кезінде де тиімді.

Сарыағаш курортының парктік аймағы

Емдік ішу үшін медициналық көрсетілімдер:

Асқорыту жүйесінің ауруларына:

Созылмалы гастриттер. Секреттік қызметінің артқан, жетімсіз болған, сақталған кезінде.

Асқазанның моторлы-эвакуаторлық қызметінің бұзылған кезінде, қызмет бұзылуының асқыну дәрежесіне қарамастан.

Асқазанның секреттік қызметі мен моторлы-эвакуаторлық қызметі бұзылған кезінде, асқыну дәрежесіне қарамастан.

Асқазан жарасы, ішек қызметінің бұзылуымен, ремиссия кезеңінде.

Созылмалы колиттер, әртүрлі этиологиядағы энтероколиттер, стеноздалатын, жаралы, туберкулезді жағдайдан басқа.

Ішек аурулары, қимыл әрекеттік және эвакуаторлық қызметі бұзылған жағдайда.

 

Бауыр мен өт жолдарының созылмалы аурулары:

Ремиссия кезіндегі зәршығару жүйесінің аурулары.

Созылмалы цистит.

Тас пайда болу.

Созылмалы пиелонефрит.

 

Заталмасу мен эндокринді жүйе аурулары:

Жеңіл формадағы қант диабет.

Минералды ауысудың бұзылуы.

Ауыр металдармен созылмалы және кәсіби улану.

 

Сыртқа қолдану:

Азоттық сулардың емдік қасиеттері клиникалық тексеру кезінде анықталды. Азоттық газдық құрам суды ішу кезіндегі белсенді емдік фактор болып табылады. Бұл арада термалдылық пен кремнийлік маңызды роль атқарады.

Азоттық ванналардың ағзаға ерекше әсері бар. Анальгезиялық және десенсибилизациялық әсерлері бар. Гемодинамиканың, заталмасудың, эндокринді жүйенің, бұлшықет тонусы, қанның биохимиялық және клиникалық көрсеткіштерін жақсартады.

Бұл өз кезегінде алуан түрлі ауруларды емдеу кезінде қолданыла алады. Соның ішінде кардиологиялық аурулар да бар.

Сарыағаш минералды суы душ ретіде, әртүрлі шаюлар кезінде қолданыла алады. Судың оптималды температурасы 35-37 град. Цельсий.

Ванналар ұзақтығы 10-20 минут аралығында, күнара қолданылады. Емдік қолданысты 10-12 күнге созуға болады.

 

Азоттық минералды сумен вагиналық, гинекологиялық шаю:

Судың температурасы 38-39 град. Целсьсий. Процедура ұзақтығы 10 минут. Күнара немесе 2 күн тастап. егер вагиналды шаю минералды ванналармен бірге қолданылатын болса, алдымен шаю жасалады, 15 минуттан соң ванна қабылданады.

Сарыағаш курортының демалушылары

Сарыағаш курорттық аймағы. Бювет

Add comment


Security code
Refresh

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Жеңілдік алу мен тапсырыс беру үшін Бізге өз атыңыз бен номеріңізді қалдырыңыз
Обязательное поле
Обязательное поле
Рақмет, біз Сізбен жақында хабарласамыз