Балқарағай бөшкесі процедурасы

Денені балқарағай бөшкесінде булау арқылы клеткаларды ашып, қанайналымды белсендіріп, керемет күйге енуге болады.

Емдеу процедурасы кезінде, емделуші орындықта ыңғайланып отырады. Емделушінің денесі толықтай бөшкенің ішінде болады, ал басы бөшкенің сыртында орналасады. Мойын айналасындағы саңылаулардан бу шықпас үшін, мойынды сүлгімен немесе төсек жаймасымен тығыздап орайды.

Табиғи шөптер мен фитожиынтыққа қаныққан бу балқарағай бөшкесінің түбіндегі форсунка арқылы беріледі. Буды бөшке қабырғасына орнатылған бу генераторы бөліп шығарады. Бу генераторының табиғи шөптер мен хош иісті майлар тұнбасы құятын, кептірілген шөптер мен фитожиынтықты себетін арнайы бөлігі болады. Осы арнайы бөліктен өткен кезде емдік сығындыларға қаныққан бу бөшкеге кіреді. Процедура барысында дене қызып, белсенді түрде тер бөлінеді, соның нәтижесінде, тері арқылы ауыр металдар мен шлактар көп мөлшерде бөлініп шығады. Бөшкеде 10-15 минуттан артық отыруға болмайды. Алғашқы 10 минут ішінде белсенді түрде тер бөлінеді, ал қалған минутта денеде будын конденсациясы жүреді.

Балқарағай бөшкесінен шыққаннан кейін, бірден төсек жаймасына оранып, емдік шөптерен әзірленген шай немесе арнайы фитошай ішу керек. жуынуға арналған құралдарсыз жылы душ қабылдауға да болады. Денені толық босаңсытуға, жүйке жүйесі мен бұлшықеттің кернеуін басуға көмектесетін массаж осы фито-процедураны керемет толықтырады. Барлық емдік процедуралардан кейін, міндетті түрде көрпеге оранып, 15-20 минут көлемінде жатып демалу керек. Будың температурасы, оның ылғалдылығы мен физико-химиялық құрамы ағзада келесідей процесстерді туғызады:

  • Терінің сыртқы және шырышты қабатында емдік шөптерге бай бу жиналады;
  • Альвеолада газ алмасу процесі жүреді;
  • Үстінгі және жоғарғы жақтан өтетін пар қақырықты шығаруға көмектеседі;
  • Терлеу процесі терморегуляцияны қалыпқа келтіреді.

Add comment


Security code
Refresh

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
Жеңілдік алу мен тапсырыс беру үшін Бізге өз атыңыз бен номеріңізді қалдырыңыз
Обязательное поле
Обязательное поле
Рақмет, біз Сізбен жақында хабарласамыз